7.06.2015, 15:38
Оқылды: 22

Ұл-қыздар – «Атамекенде», «Ақ шағалада» және «Жас қыранда»

Akjayik Atamekenn   Ақжайық ауданында мектеп оқушыларының жазғы каникулы ойдағыдай шеру тартты.

Жайықтың жасыл желек жағасындағы «Атамекен» лагерінде жылдағысынша, бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан, сондай-ақ қамқоршылық пен патронаттық тәрбиедегі 50 бала 4 маусымда тынығуды бастады. Олармен тиісті іс-шаралардың жүргізілуіне таяу жердегі Базаршолан ауылындағы орта мектептің мұғалімдері жауапты болып табылады. «Атамекенде» маусым бойына 450 оқушы демалатын болады.

Шалқар көлі жағасындағы «Ақ шағала» лагерінде 5 маусымнан бастап алғашқы ауысымда 40, Чапаев түбіндегі «Жас қыран» шатырлы лагерінде 10 бала жаздың көңілді күндерін өткізуде. Бұларда да мектептен тыс тәрбие мекемелерінің оқытушылары, мектептер мұғалімдері өрендер үшін каникулды қызықты ұйымдастыруда. Бұл аталған екі лагерьде де қыркүйікке дейін 400-ден астам бала болады.

Мектептер жанынан да әдеттегідей, лагерьлер жұмыс жасауда. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Ата Заңымыздың 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дәрістер, кездесулер өткізілуде. Аудан ұл-қыздарының атыраптағы тарихи орындарға, мысалы, Махамбет Өтемісұлының кесенесіне, Сарайшық шаһарына (Атырау облысы), Хан ордасына (Бөкей ордасы ауданы) саяхаттауы жоспарланған.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале