6.05.2016, 17:44
Оқылды: 50

ҰОС ардагері Бисен Жұмағалиевтің суреттері мен кітаптары қойылған көрме ашылды

Bisen aga     Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Ерлік дастаны» ҰОС ардагері Бисен Жұмағалиевтің суреттері мен кітаптары қойылған көрме ашылды. Келушілер соны тамашалады.


     Шараның келесі бөлімінде ҰОС және еңбек ардагерлерін облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Қауланова Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Құрманалиева құттықтады. Майдангер Бисен Жұмағалиев туралы деректі бейнефильм көрсетілді.

     Жиналғандар алдында Бисен Жұмағалиевтің қызы Баян Бисенқызы сөйледі. Шарада ҰОС ардагері И. Гапич өлкетанушы Сара Танабаева және басқалары Б. Жұмағалиев жөніндегі естелігімен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале