16.03.2016, 10:57
Оқылды: 15

ҰОС ардагері Мансұр атай 95 жаста

Zelenov mansyr atai  Ел тыныштығын ту етіп, от пен оқтың ортасында  шайқасқан майдангер атамыз, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері  Мансұр Жүсіпов 95 жасқа келді.

Мерейтой иесін құттықтауды құп көрген аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы, майор Ғабділжалел Ниязалиев және ауыл әкімі Дәулет Убаев майдангердің шаңырағында болып, аудан әкімі Кәрім Жақыповтың құттықтау хатын табыстаған болатын.


Мерейлі жасымен құттықтай келген меймандарға ризашылығын білдірген Мансұр атай:

-Әрдайым қазыналы қарттарын елеп, сый-сияпат, құрмет көрсетіп отыратын басшыларға ризашылығымды білдіремін. Соғыстағы сұрапыл күндер артта қалды. Ендігі ұрпақ ол сұм уақытты бастан кешірмесе екен. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын, - деді.

www.zhaikpress.kz

Д.НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале