13.05.2016, 12:21
Оқылды: 18

Ұрлады, ұсталды

Akjayik ypteu    Ақжайық аудандық ІІБ-нің қылмыс мәліметтерінде біреудің дүниесін ұрлау жиі кездесіп отыр. Аудан орталығы – Чапаевта, мысалы, мамырдың басында тігін салондарының бірінен тапсырыс берушінің 2 әйел көйлегін ұрлаған азаматша С. көп кешікпей-ақ қолға түсті.


    Сондай-ақ Чапаевтағы дүкендерінің бірінің маңында зейнеткердің велосипедін мініп зыта жөнелген, еш жерде жұмыс жасамайтын 29 жастағы Б.-ны да полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале