25.02.2016, 11:04
Оқылды: 19

«Ұрлаймын» деп ұсталды

 Pivo  Ақпанның 16-нан 17 –не қараған түні белгісіз біреулер қаладағы дүкендердің бірінің құлпын бұзып кіріп, түрлі ұсақ-түйек заттарды – темекі өнімдерін, ер адамға арналған қырыну құралдарын, 20 бөтелке сыра, тәтті шоколадтарды  ұрлап әкеткен.


Тәртіп сақшыларының жедел қолданылған шаралар барысында 28 және 23 жасар жігіттер анықталып ұсталды. Айта кету керек, ұсталған азаматтар жыл басынан бері осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасап үлгерген.

Осыған ұқсас ақпанның 19-нан 22-сіне дейінгі уақыт аралығында белгісіз біреулер қаладағы үйлердің бірінің  құлпын бұзып кіріп, 56 жасар әйелдің үйінен  «Богородица» суреті бар 2 икона, ресейлік тігін машинасын, жылыту құралын, 40 литрлік аллюмин ыдысын, гитара, 1 метрлік бөлме сағатын және жалғыз аяқты темір арбасын жымқырып кеткен. Орал қалалық Абай Пб қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде бұрын бірнеше рет сотты болған 1981 ж.т. азаматты анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі бойынша (Ұрлық) қылмыстық істер қозғалды.

     www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале