28.07.2016, 17:02
Оқылды: 32

«Ұрлаймын» деп ұсталды

ІІД баспасөзШілденің 19 күні белгісіз біреу қаладағы Құрманғазы көшесінің бойында орналасқан «Теле-2 төлем қабылдау» пунктінің кассасынан 47 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Орал қ. ІІБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары арқасында 1985 ж.т. қала тұрғыны анықталып, қолға түсті.

Сондай-ақ, шілде айының ішінде белгісіз біреу 6-шы шағын ауданында орналасқан көп қабатты пәтерлердің біріне кіріп, әйел адамның құндыз тонын және құндыз бас киімін ұрлап кеткен. Шығын 200 мың теңгені құрап отыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 1950 ж.т. қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

 

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале