13.05.2015, 18:19
Оқылды: 22

Ұрлық азаяр емес

 Zelenov starter Зеленов ауданы Рубежка ауылының тұрғыны Василий Литвинюктің ауласына кірген ұры үй иесінің тракторының стартерін қолды қылған. 35 мың теңге шығынға ұшыраған Василий Иванович ішкі істер қызметкерлеріне арызданған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер ұрыны тапты. Стартерді қолды қылған азамат сол ауылдың 1987 жылы туылған Н. есімді тұрғыны боп шықты. Ұрланған зат иесіне қайтарылмағанымен, Н. өз кінәсін мойындаған.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале