11.11.2016, 16:56
Оқылды: 39

Ұрлық әлі тиылмай тұр

%d1%81%d0%be%d1%82  Орал қалалық прокуратураның мәжіліс залында сауда-саттық және ойын сауық нысандарындағы ұрлықтың профилактикасы бойынша кеңес өткізілді. Қала прокуроры А. Рашидовтың төрағалығымен өткен кеңеске жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, сауда - саттық және ойын-сауық нысандарының иелері қатысты.


  Ағымдағы жылдың 10 айында аталмыш орындардағы ұрлықтың жасалу уақыты, неғұрлым криминалды нысандар айқындалып, нәтижесінде  бейнебақылау камераларының, күзет дабылының, күзет фирмаларымен шарттардың ескерту сипатындағы хабарламалардың жоқтығы белгілі болды.  Тіркелген қылмыстардың ішінде, сауда-саттық және ойын-сауық нысандарында 1260 яғни бөтен адамның мүлкін ұрлаудың 19,9 пайызы жасалып, 2015 жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 165 дерек тіркелген. Мұндай қылмыстар сауда-саттық орындарында – 61,   демалыс орындарында – 16,  қызмет көрсету нысандарында -23,9 пайыз жасалады.

   Қылмыстардың басым көпшілігі базарлардың  жұмыс жасап тұрған кезінде жасалған. Яғни санмен тізбектесек «Мирлан» -158, «Московский» -35, «Алтын алма»-29, «Ел ырысы» -21, «Караван» -19, «1000 ұсақ-түйек» -18, «Мерей» базарында -16 ұрлық жасалған. Сондай-ақ «Сити-центр»-66, «Адал»-21, «Орал»-17, «Бәйтерек-16, «Лаура» -13, «Азиза»-12, «Атриум» және «Аяжан»-11, «Азия молл» және «Жайық» сауда орталықтарында - 9  бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы жасалған. Ал көңіл көтеру және ойын-сауық орындарында – 174, қызмет көрсету нысандарында-82, кеңселер мен қоймаларда 194 ұрлық орын алған.

 Барлық ғимараттарда күзеттің болуына қарамастан қылмыс тұрақты түрде, еркін қолжетіміділікпен жасалғандығы белгілі болды. Кеңесте қылмыстың жай-күйінен басқа, басты проблемаларды жою жолдары, қылмысты ашу тәсілдерін әлде  де жетілдіру мәселелері талқыланды. Ұрлықтың алдын-алу және себептерін жою бойынша соның ішінде адамдар көп шоғырланатын орындарға қорғау және бақылау техинкалық құралдарын орналастырып, аудио-бейне, қағаз жүзіндегі ескертпелерді орнату да бүгінгі күннің бұлтартпас басты мәселелерінің бірі екендігі айтылды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале