5.09.2016, 17:30
Оқылды: 43

Ұрылар қолға түсті

үй тоналды   Бүгінгі күні ұрлық саны тыйылмай отыр.

Жуырда таңертенгі уақыт кезінде белгісіз біреу Жәңгір хан көшесінің бойындағы дәріхананың ішінде 1989 ж.т. азаматшаға тиесілі ақшасын жымқырып кетсе, қыркүйектің 3-і күні белгісіз біреу «Азиза» сауда үйіндегі бутиктен 1969 ж.т. әйел азаматшаның қызыл әмиянын ұрлап кеткен. Әмиян ішінде 130 мың теңге ақша болғаны белгілі болды. Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде аталған қылмысқа қатысы бар 51 және 22 жасар күдіктілер анықталып, ұсталды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрметті қала және облыс тұрғындары, полиция қызметі жеке мүліктеріңізге және жеке заттарыңызға мұқият болуларыңызды ескертеді. Егер бір жоқтың барын сезген сәтте дереу полицияға хабарласқан жөн, бұл қылмыстың бетін «ізін суытпай» ашуына септігін тигізеді. Тек бірлескен жағдайда ғана ұрлықпен тиімді түрде ашуға болады.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале