27.11.2015, 10:53
Оқылды: 29

Ұрының құйрығы бір-ақ тұтам

Janibek yrinin kyirigi bir tytam Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты М. Бапаховтың бізге берген мәліметі бойынша 21 қараша күні таңғы сағат 1:00 мен 7:00 аралығында белгісіз біреулер Жәнібек ауылындағы Жұмаев көшесінің тұрғыны Е. деген азаматтың қорасына құлпын бұзу арқылы еніп, автокөліктің екі дана дөңгелегін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Өнеге елді мекенінің тұрғыны Б. деген күдікті анықталып ұсталды.


Тексеру кезінде ол ұрлап алған заттарын сатып үлгерген. Қазіргі уақытта қолды болған нәрселер иесіне қайтарылып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен қатар тергеу амалдарын жүргізу кезінде Б.-ның Жәнібек ауылы, Байтұрсынов көшесінің тұрғыны А.-ның велосипедін қолды қылғаны анықталып отыр. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале