11 қазанға қараған түні Орал-Тасқала тас жолының 37-ші шақырымында жол құрылысын атқарып жатқан «Юнисерв» ЖШС-не тиесілі 15 тонна қиыршықтас ұрланған.
Құзырлы органдардың жедел іздестіруі барысында қылмыскер 1972 жылғы В. есімді Орал қаласының тұрғыны әрі осы ЖШС-нің жұмысшысы екені анықталған.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Динара Тілекқызы
Зеленов ауданы