24.11.2016, 11:21
Оқылды: 31

56 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

ІІД баспасөзБатыс Қазақстан облысы аумағында ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарға  «мүлдем төзбеушілік» бағыты бойынша он күндік акция ұйымдастырылды.  Қоғамдық орындарда ішімдік ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүруі, тыныштықты бұзуы, түнгі уақытта алкоголь өнімдері сату фактілері анықталып, көшелердің ластауының алдын алу,  белгіленбеген жерлерде саудамен айналысу секілді мәселелерге көбірек көңіл бөлінді. БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша, жалпы он айда 56250әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.


Қоғамдық орында мас күйде жүрген 184 азаматқа,тыйым салынған орында темекі шеккендерге  125 хаттама, түнгі уақытта көшеде жүрген 69 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін бұзған 2974 азаматқа қатысты хаттама толтырылды. Соның ішінде көлікті алкогольдік ішімдік ішіп басқарған 37 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале