3.11.2016, 13:01
Оқылды: 23

Ұстаздар дін саласының мамандарымен кездесті

%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d0%b4%d1%96%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%bc%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd  Діни экстремизм мен терроризмнің ең басты себептері-діни сауатсыздық. Баланың ең бірінші діни сауатын ашатын - мұғалімдер. Сондықтанда бүгінгі таңда  дінтану пәні  бойынша оқытушылардың алар орны ерекше. Бұл туралы бүгін №47 орта мектепте «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің  авторлары Ә.Сайлыбаев пен Г. Новиковамен өткен кездесуде айтылды.

Облыс бойынша дінтану негіздері курсымен 310 орта мектеп пен білім беру ұйымдарында 8367 оқушы қамтылып, оларға 343 мұғалім сабақ береді. Оның ішінде жоғары санатты -42, 1 санатты-130, 2 санатты-118, санатсыз-53 мұғалім бар.


Өңіріміздегі аудан-қаладағы  «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің басын қосқан кездесудің мақсаты-аталмыш пәнді оқытудың әдістемесі және педагогикалық мәселелері туралы мәліметі беріп, оқу процесінде туындайтын өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру.  Биылғы жылдан бастап 9 сынып оқушылары Д. Кенжетаев, Ә. Сайлыбаевтың «Дінтану негіздері және зайырлылық» кітабымен оқып жүр.

 Гүлжамал Жолдығали

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале