3.12.2015, 11:12
Оқылды: 19

Ұстаздар ұжымы Елбасының Жолдауын талқылады

Janibek ystazdar talkiladi   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауының мән-маңыздылығы, Елбасының ел алдына қойған жаңа міндеттері №1 ОЖББ-ның мәжіліс залында ұстаздар ұжымының қатысуымен оздырылған жиында талқыға салынды.


 

Жиналысты аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анаргүл Сариева жүргізіп отырды. Ұстаздар басқосуда Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған басты басымдыққа тоқталып, халық игіліне айналған құжаттың ауыл өміріне қатысты тұстарына ерекше назар аударды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Құбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әдемі Ахметова, тарих пәнінің мұғалімі Динара Абдолова өз сөздерінде Елбасының халқына Жолдауы жаңа реформаны, жаңа өсімді, жаңа дамуды қалыптастыруға жетелейтіндігін айтып өтті. Ұстаздар ұжымы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауда айтылған бастамаларға қолдау білдіретіндігін тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале