10.11.2015, 16:19
Оқылды: 20

Ұстаздың мерейжасы құрметіне 64 шаршыдағы жарыс өтті

Akjayik uztazdik mereijasi   Ақжайық ауданы Қабыл ауылында ардагер ұстаз, осындағы негізгі мектепті басқарған Мәуленбай Барсақұлының 70 жасқа толу құрметіне шахматтан ерлер және әйелдер арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатында мерейгерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Альмира Мушағалиева аудан әкімі Әділ Жоламановтың сыйлығы  – шапан жапты. М.Барсақұлына білім бөлімінің кәсіподағынан, “Жігер” спорт клубынан, шәкірттерінен де сыйлықтар тапсырылды. Оның бір кездесі шәкірттері Мирас Сапарғалиев, Ерболат Төлеуғалиев және Талғат Әбілов мектепке 2 дана шахмат сыйлады. Мерген, Ақжол, Тінәлі, Қабыл және Чапаев ауылынан 17 ойыншы қатысқан жарыста ерлер арасында Эдуард Идрисов (Ілбішін) І, Дулат Дендер (Қабыл) ІІ, Талғат Имағамбетов (Мерген) ІІІ, ал әйелдер арасында Мирамгүл Иманбаева (Ілбішін) І, Г.Қасенова (Қабыл) ІІ, Ж.Әжғалиева (Мерген) ІІІ орын иеленді. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале