25.06.2016, 14:24
Оқылды: 18

Ұстазға, журналиске қошемет

ustszga jurnaliske koshemetАудан орталығында Бақтығали Дінішұлының зейнеткерлікке шығуына байланысты оны қошеметтеу салтанаты өтті.


Аудандық білім бөлімінен, оның кәсіподағынан, туып-өскен ауылы Мергеннен, сондай-ақ «Жайық Пресс» ЖШС-дан, «Жайық таңы» газетінен ардагерге естелік сыйлықтар тапсырылды.

Бақтығали Қоспаевтың еңбек жолы Ақжайық ауданы жұртына жақсы таныс.  Ол ауыл-елге қызметін Мерген ауылында мұғалімдіктен бастап, аудандық партия комитетіндегі жауапты жұмыста жалғастырды. Ауданның білім бөлімін, аудандық газетті басқарды, басқа да тұтқалы істерде болды. Оның редакторлығымен үлкен ауданның өмірінен бірнеше кітап  жарық көрді. Соңғы жылдары аудандық «Жайық таңы» газетінде қызмет жасап зейнеткерлікке шықты.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале