16.09.2016, 16:06
Оқылды: 33

Ұстаз еңбегі – сара жол

akim-kabildau-caparov Облыс әкімі Алтай Көлгінов дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің директоры қызметін ұзақ жыл атқарған, зейнеткер-ұстаз Ерсайын Сапаровты қабылдады. Білікті басшы, ұлағатты ұстаз биыл 70 жастың белесін бағындырып отыр.


– Жарты ғасырға жуық педагог боп еңбек етіпсіз. Соның ішінде соңғы 27 жыл қатарынан еліміздегі, қала берді, өңіріміздегі алдыңғы қатарлы білім ордасын басқардыңыз. Бұл жолда тынымсыз тер төктіңіз. Сіз директор болған кезде мектепті тәмамдаған мыңдаған түлек «Ерекше аттестат», «Алтын белгі» иегерлері атанды. Талай мәрте білім бәйгесінде жеңімпаз болды. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде білікті маман болып, қызмет етуде. Қыркүйектің бірінде мектептің 11-сынып оқушыларымен кездескенімде, олар емін-еркін-еркін әңгімелесіп, тереңнен ой қозғады. Көкіректері сайрап тұр. Үш тілге бірдей жүйрік екендерін аңғартты. Осындай білімді жастар тәрбиелеген педагогикалық ұжымның  алар асулары алда. Сіз мол тәжірибеңізді кейінгі буынға бөлісуден жалықпайды деп сенемін, – деді ұстаз еңбегін айрықша қадірлейтінін айтқан облыс басшысы.

Кездесуде Ерсайын Қадырұлы, өз кезегінде, жылы лебізге ризашылық білдірді. «Заман талабына орай жаңа педагогикалық технологияларды игеру үшін тынымсыз ізденіс қажет болды. Ұжым мені бір кісідей қолдап, көздеген мақсатқа бірлесе жетуге мүмкіндік туғызды. Талай қиындықты бірге еңсердік», – деді ол. Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы тәжірибелі педагог-ұстаз,  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ерсайын Сапаровқа кәдесый тарту етті.

Нуртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале