14.05.2015, 19:51
Оқылды: 34

«Әдеби жұмбақ» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды

Alasapiran   Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-нің мәжіліс залында «Орал өңірі» қоғамдық саяси газетінің бетінде ұйымдастырылған «Әдеби жұмбақ» атты байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталды.

   Облыстық газет ұжымы бұл байқауды Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады. Әдеби жұмбақтар Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» кітабынан алынған.

   «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Мейрамбек Рахматуллин облыстық басылымды, көркем әдебиетті бағалайтын оқырмандардың бар екеніне ризашылығын білдірді. Аталған басылымның бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, соның ішінде отбасылық оқуды қалыптастыру мақсатындағы бұл шараны ұйымдастырған облыстық газеттің ұжымының зор еңбегі екенін атап өтті. 

   Байқау жеңімпаздары болып танылған ақжайықтық ақсақал Нәсіпқали Қайырқомов, облыстық соттық баспасөз хатшысы Амангелді Шахин, Зеленов ауданынан келген мұғалім Алтынбек Өтебалиев және ақжайықтық Алдаберген Сәрсековтерге марапат қағаздары табыс етіліп, сый-сыяпат жасалды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале