19.02.2016, 12:19
Оқылды: 36

Әдеп кеңесінің алғашқы отырысы өтті

ZH-350x35011   ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті жанындағы жаңа Әдеп кеңесінің (бұрынғы Тәртіптік кеңестің орнына құрылған) алғашқы отырысы болып, оны кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин жүргізді.


Жиын барысында кеңес құрамында болған бұрынғы мүшелерге алғыс хат тапсырылып, жаңа мүшелер бекітілді. Алғыс хат алғандардың қатарында он жылдай Тәртіптік кеңес мүшесі болған, «Жайық Пресс» ЖШС директорының орынбасары, ақын Ғайсағали Сейтақ та бар. Сондай-ақ бұл жолы комиссия мүшелігіне «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, БҚО әкімі аппаратының басшысы Марат Тоқжанов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының директоры Ақсерік Әйтімов, БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Абсатиров, БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Хамидолла Құсдәулетов, БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Аманкелді Нұғыманов, БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, «Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, мемлекеттік қызметшілер, банк мекемелері, қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Мерғалиев, «БҚО Азаматтық альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әлия Салиевалар қабылданды.

Жиында, бұдан бөлек, 4 мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен талаптарын бұзу бойынша істері қаралып, тиісті шешімдер алынды.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале