24.11.2015, 11:39
Оқылды: 26

Әдуманап Кәримовті еске алды

Dyngen   Қадыр Мырза Әлі атын­дағы әдебиет және өнер орталығында дүнген халқының мәдени күні өтті.

Шара дүнген ұлты­ның та­рих сахнасына шығуы, олар­дыңқилы тағдыры ту­­расында бейнефильммен басталды. Өз кезегінде сөз алған облыс­тық ассамблея төр­ағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов БҚО дүнген этномәдени орталығының бұрынғы жетекшісі, мар­құм Әдуманап Кәримовтің азаматтық қасиеттерін, дүнген орталы­ғын дамы­туда атқарған еңбегін баяндады.


 

Артынан жиналған жұртшылық оны бір минут үнсіздікпен еске алды. «Бізде дүнген орталығының мүшелері көп емес, – деді Ғайса Хамидоллаұлы.

– Соған қарамастан олар облыстық ассамблея ұйымдастыратын барлық шараға өзгелермен тең дәрежеде атсалысып келеді. Сол үшін біз оларға ризамыз. Елбасы айтып өткендей, ас­самблеяның қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен,  таяуда этномәдени бірлестіктерді өңір­лердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту жөнінде қаулы шықты. Осы бағыттағы жұмыс­тарға дүнген орталығы да атсалысатынына сенім мол».

Шара соңы дүнген ұлтыныңәндері мен билеріне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале