23.06.2016, 13:28
Оқылды: 28

«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

????????????????????????????????????

         22 маусым күні «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Тасқала ауданында аталмыш партияның ғимаратында «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясы өтті.


Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, азаматтардың жеке түсініктерін қалыптастыру мен жауапкершілікті сезіндіру мақсатында өткен жиынға  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Тасқалиева, Тасқала ауданының аумақтық бөлім басшысы, аға сот орындаушысы  Д.Мақашева, және жеке нотариус  А.Жеңісова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Б.Кентоғаевава қатысты.

Аталмыш жиынға кеңес алауға бірқатар қоғамдық жұмысшыларда келіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Олар осы уақытқа дейін тұрақты жұмыс таппай, әрлі-бері сандалып жүргендерін айтып кеңес сұрады.

Бұл сұрақ төңірегіне аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Бәтима Махамбетқызы жауап берді. Айтуынша тұрақты жұмысқа, ең алдымен, аз қамтылған отбасылар жіберіледі. Содан кейін ғана барып тұрақты жұмысқа бос орындар болып жатса, қоғамдық жұмысшылар жіберілетінін түсіндіріп өтті.

www.zhaikpress.kz
Е.ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале