24.06.2016, 21:01
Оқылды: 22

«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

adilet kenes beredi24 маусым күні Қазталов ауылдық округіне қарасты Қоныс елді мекенінде   «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен  «Әділет кеңес береді»  акциясы оздырылды.


Акцияның мақсаты – тұрғындарға көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту мен сенімділікті арттыру.

Акцияға қатысқан аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева ауыл тұрғындарына  жылжымайтын мүлік заңдылығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында ауыл тұрғындары толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сондай-ақ  №3 Бостандық сайлау округінің депутаты Марат Тоясов Бостандық ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары зейнеткер Айтболат Қабошев пен Тыныштық Ғұбашев мал жайылатын жайылым мен шабындық жерлерді кеңейту басты мәселе екенін айтып өтті. Көтерілген мәселелерге орай тиісті орындар арқылы өз кезектерінде шешімін табатынын және өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале