12.10.2015, 12:00
Оқылды: 27

Әжелердің әсем әндері

U

U

Қарттар күніне орай Шыңғырлау ауданына  қарасты. Ащысай еліне «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  «Геолог» мәдениет үйінің   «Асыл әжелер» тобы келіп, «Ән-жырым саған, туған ел!» атты концерттік бағдарлама ұсынды. Концерт жоғары деңгейде өтті. Халқымыздың  ұмытылып бара жатқан әндерін жеке дауыста Ұлан Досмұратов, Гүлсана Төлеуова атты әншілер  тамаша  шырқап, келген халықты ортаға шығарып билете білді.

«Асыл әжелер» тобының жеткен жетістіктері облысқа,  республика және шетелге де танымал. Осынау концерттің Ащысай ауылдық мәдениет үйінде өтуіне мүмкіндік жасаған ауыл әкімшілігі мен ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз. Өнер кешінен ащысайлықтар мерекелік көңіл-күймен тарқасты. Бұл концерттен біз, жас буын көп әсер алдық. Әжелерімізге мықты денсаулық, өнер жолында табыстар тілеп ризашылық сезіммен шығарып салдық.

www.zhaikpress.kz

А.Абаков

шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале