16.11.2015, 12:07
Оқылды: 30

Әжелер сахнада ән салды

Sirim audani ajeler sakinada an saldi   Сырым аудандық мәдениет үйінде «Әжелер ән әлемінде» атауымен аудандық әжелер алқалары арасында байқау өтті. Әр ауылдық округтен келіп байқауға қатысқан 10 әжелер алқалары патриоттық және халық әндерін орындау арқылы бағаланды. Қазылар алқасының берген бағасы бойынша бұландық «Ару ана» әжелер алқасының әндерді орындау шеберліктері мен көрсетілген қойылымдары жоғары бағаланып, І орынға лайықты деп танылды. ІІ орынды Талдыбұлақтың «Ақ әжелері» мен Тасқұдықтың «Ақ маржаны» еншілесе, Жымпитының «Ақ ниеті», Жетікөлдің «Сырғалымы»,  Алғабастың «Ақ баяны» ІІІ орындарды бөлісті. Жеңімпаз атанған әжелер алқасына аудандық «Демалыс орталығы» мен «Сырым жауһарлары» атынан сияпат көрсетілсе, Аралтөбе, Бұлдырты, Жосалы, Шағырлыой ауылдарынан келген әжелерге алғыс хат ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале