4.03.2016, 11:24
Оқылды: 21

Әжелер шықты сайысқа

????????????????????????????????????

    Өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні - әйел ана. Сондықтан да 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны бөлек.

Қасым Аманжолов атындағы мектептің тәлімгері Гүлфира Нұржанованың ұйытқы болуымен әже мен немере арасындағы байқау жоғары  дәрежеде өтті деуге  толық негіз бар.


Мерекелік шара барысында сөз алған мектеп директоры Роза  Тасанова барша аяулы жандарға ыстық лебізін білдіріп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Сүйікті әжелерімен қол ұстасып шыққан бастауыш сыныптың шәкірттері  байқау шарттары бойынша барынша қатысып бақ сынасты. Алдымен өздерін көпшілікке таныстырған олар қол өнер шеберлері екендігін осы сайыста дәлелдеп шықты. Содан соң өнерлерін ортаға салып, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты сауалдарға ұтымды жауап қайыра білді.

Сайып келгенде, Махаббат Қантемірова Нәзира әжесімен бірінші орынды  жеңіп алды. Ал, Айкөркем Ғайса Баян әжесімен бірге екінші орынды иеленсе, Ділназ Қалиева Ханшайым әжесі екеуі үшінші орынға ие болды.

Басқа да қатысушылар түрлі аталымдарға ие болып, ұйымдастырушы атынан сый-сияпатқа кенелді.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале