18.10.2016, 11:29
Оқылды: 61

Әжелер өнегесі

%d3%99%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d1%81%d1%96  Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету, әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу мақсатында Бөрлі ауданының «Достық» үйі ғимаратында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әжелер - көңілдің ажары, немере – өмірдің базары» атты байқауы өтті. Байқау «таныстыру», «менің ертегіші әжем» (ситуациялық жағдай), «немереміз-әжеміз, өнерліміз- бәріміз» (өнер сайысы) атты 3 кезеңнен оздырылды.


  Өз өнерлерін барынша ортаға салған әжелеріміз бен немерелеріміз «өнерлі әже мен ақылды немере», «сымбатты әже мен бал тілді немере», « өнегелі әже мен тапқыр немере», « шебер әже мен ақылды немере», « белсенді әже мен өнерлі немере» номинациялары бойынша марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

 Байқау соңында әжелеріміз ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, «Қарттарын сыйлаған елдің болашағы бар. Немерелерімізбен, балаларымызбен тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанымызға біз бақыттымыз»,- деп Бағила әжеміз өз  ризашылығын осындай сөздермен білдірді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале