11.08.2015, 19:35
Оқылды: 16

Әжендегі жол апаты

уазикБөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен елді мекені маңында жолаушылар тиеген автокөлік аударылып, жол апаты орын алды.

Оқиға ішінде болған сегіз адамның біреуі ауруханаға әкеле жатқан жолда көз жұмса, аяқ-қолдары сынған, бастары жарылып, өзге де түрлі дене жарақаттарын алған төрт жолаушыға (оның ішінде бала да бар) облыстан санитарлық авиация шақыртылып, шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетілген. Өте ауыр жарақат алған азамат қазір облыстық ауруханада жатыр. Аудандық аурухананың бас дәрігері Әділгерей Ғаббастың айтуынша, науқастың жағдайы әлі қалыпқа түсе қоймаған сыңайлы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале