15.05.2015, 12:02
Оқылды: 23

Әженде 9 құдық қазылды

Bbokei03   Бөкей ордасы Әжен ауылы тұрғындарының су азабын кешіп келе жатқанына біраз уақыт болды. Таяуда Ресейдің Волгоград қаласынан құдық қазушылар бригадасы келіп, бұл мәселенің де түйіні шешілді. Айта кету керек, бұл бригаданы Орда ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиев арнайы шақыртқан екен. Алайда, жағдайымызды түсінген Мейрамбек баламыз құдықты алдымен біздің ауылдан қазуға мүмкіндік жасады. Соның нәтижесінде 23-27 метр тереңдіктен су шығып, ауыл адамдарының тілегі қанағаттандырылды.

   Күні бүгін жиырма шақты отбасы тірлік кешетін «Әжен» ауылында осы бригадамен жеті, «Әспет» және «Қосжан» пункттерінде тағы екі электрлі ұңғымалы құдық қазылып, мал суғару үшін сарсаңға түсіп келген тұрғындар қуанышында шек болмады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале