27.05.2016, 15:20
Оқылды: 31

«Әжкей» шаруа қожалығы Сарыөзен бойын малға толтыруда

Kaztalov Ajkei   Шаруасын шалқытқан  Қошанкөл ауылдық округіне қарасты Сарыөзеннің сағасында орналасқан «Әжкей» шаруа қожалығы бүгінде төрт-түлік ата-баба кәсібімен айналысуда. Қожалық жетекшісі Мырзагелді аға «Әжкей» шаруа қожалығын 1996 жылы құрған екен.


   Алғашында қорадағы мал басы аз болғаны шындық. Бірақ «мал баққанға бітеді»,- деген ғой Мырзагелді ағамыз  тынбастан еңбек етті. Соның арқасында бүгінгі күнде өріс малға толып, 230 дан астам ірі қара, 700 бас қой мен ешкі, 100 жылқы жайлаудың сәнін келтіруде.

   Мырзагелді ағамыз айтады: - үкіметтің «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын өсіру жұмысымен айналысудамын. Бізге үкіметіміз кең көлемде қолдау жасап отыр ғой. Мына малға жайлы Сарыөзен бойында қанша мал өсіремін десең де жағдай бар. Тек еңбектену керек. Кейде таң қаламын. Ауылда жұмыс жоқ,- дейді. Ал мына малды өсіру, оның жемісін көру еңбек болып табылмай ма? Сонымен қатар жаз мезгілінде бие байлап, арнайы қымыз да дайындаймыз. Соның нәтижесінде ауылдағы үш бірдей жанұя жұмыспен қамтылып отыр. Сондай-ақ ауылдағы қайырымдылық істерден еш уақытта да шет қалып жатырған жоқпын.Бұл да бір елге тиген көмек қой деймін,- деді. Өрісте мал емін-еркін көкке тоюда. Қазір бұл шаруа қожалығы қысқы мал азығын дайындауға әзірлікті бастап та кетті. Биылғы көктемнің қолайлы болуы – шаруа қуған адамдардың  мал азығын молынан дайындауға негіз қалап отырғанын осы шаруашылықтың шабындығын көргенде көзіміз жетті.

www.zhaikpress.kz

Әсем ХАЛИУЛЛИНА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале