17.12.2015, 18:43
Оқылды: 30

Әйгерім-Азия чемпионы!

shingirlau aigerim shempion Шыңғырлаудың түлегі Әйгерім Телемгенованың бүгінде атын облыс көлемінде білмейтіндер некен саяқ болар. Облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқып,  жетістіктерімен көзге түскен Әйгерім спорт шебері, бірнеше мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы болатын.


 Желтоқсан айының 11-14 аралығында Атырау қаласынгда өткен жастар арасындағы ел тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған Азия чемпионатына ол 52 салмақ дәрежесінде қатысып, қарсыластарын бірінен соң бірін тізе бүктіре келе, жеңіс тұғырынан көрініп Азия чемпионы атанды.

 Облыс мәртебесін асырған спортшы қызымыз Корея, Тәжікстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген самбошы қыздардан басым түсті.

 Бүгінде Әйгерім Алматы қаласында спорт және туризм академиясынның ІІІ курс студенті. Жеңісті күндерде жолыға берейік деп тілек білдіреміз самбодан сағы сынып көрмеген сымбатты сіңлімізге.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале