1.07.2016, 14:15
Оқылды: 23

«Әйелдерге зәбір көрсететіндер қатарында жоғары лауазымдық қызметтегі қызметкерлер де бар»

IMG-20160629-WA0052Oблыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялы саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Басқосуды облыс әкімінің орынбасары, аталмыш комиссияның төрағасы Марат Тоқжанов жүргізіп отырды.


Облыс емханаларындағы отбасыны жоспарлау кабинеттерінің жұмысы жайындағы мәселе бойынша хабарлама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары  Нұржамал Жұмағұлова отбасын жоспарлаудың балалар өлімін азайтуға, жүктілікті аяғына дейін көтере алмаудың алдын алуға әсеріне, жүкті әйелдердің өмір жағдайларын жақсартуда босану арасындағы аралықты ұлғайтудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстың жасөспірімдердің денсаулығын сақтауда маңыз-мәнге ие екені сөзсіз. Қазіргі уақытта облыста 15607 жасөспірім қыз бала бар. Биылғы 5 айдың ішінде осы топтағы, әсіресе, 17-18 жастағы қыздардың 41-і  босанған, жетеуі түсік жасатқан.  Өңірдегі барлық емханаларда, аудандық және орталық аудандық ауруханаларда отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс істейді. Биылғы 5 айда 45 мыңнан астам адам нақ осы мәселе жөнінде кеңес алған.

Комиссия отырысында жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар» туралы хабарламсы тыңдалды. Жерглікті полиция қызметі қызметкерлері осы тақырыптағы заңдылықтарды халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Түсіндіру жұмыстарымен 15200 адам қамтылған. Биылғы 5 ай ішінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы 1192 (2015 жылы 1039) арыз қаралып, барлығы да сотқа жолданған. Отбасылық тұрмыста 10 қылмыс тіркелсе, оның алтауы әйелдерге қатысты жасалған.  Биылғы жыл басынан бері Орал қалалық әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығына 46 әйел адам жүгінген. Олардың 23-і приютқа орналастырылып, әлеуметтік көмек алған. Қалалық учаскелік полиция инспекторларының жолдамасымен 7 әйел балаларымен дағдарыс орталығына орналтырылған.IMG-20160629-WA0054

Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығының қызметі туралы осы орталықтың директоры Ганди Шамкелованың айтуынша, бұл орталықтың ашылғанына үш  жыл болған. Осы уақыт ішінде орталыққа 588 адам келді, оның 464-і әйел, төртеуі ер адам, 121-і балалар. Кеңес алуға 39 әйел жүгінді. 2016 жылдың алты айында 56 әйел адам келіп, соның 35-і психологтан,21-і заңгерден көмек алды. Уақытша панала орнын 23 адам пайдаланды, оның 11-і әйел, 12-ісі бала. Соның жетеуі жергілікті полиция басқармасының жолдамасымен, төртеуі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жолдамасымен келген.

Басқосуда Қазталов ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы жайындағы аталмыш аудан әкімінің орынбасары Ләйлім Мәжитованың есебі тыңдалып, комиссиямен оң бағаланды. Сонымен қатар спорттың жаппай қолжетімді түрлерімен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша облыстық дене шынықтыру басқармасының атқарған жұмыстары жайы  қаралды.  Басқарма басшысының орынбасары Динара Есенғалиеваның оқыған хабарламасындағы кейбір сандық көрсеткіштермен комиссия мүшелері келііспейтіндіктерін білдірді. Сондықтан хабарламашыға сандық шикіліктерді анықтап, түзету тапсырылды.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов  жұмысты ширату бағытындағы тапсырмалар беріп, аталмыш комиссия жұмысын жақсарту, форматын өзгерту жайындағы ойымен бөлісті.

www.zhaikpress.kz
Гүлнар ШӘҢГЕРЕЙ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале