23.12.2015, 22:28
Оқылды: 35

Әйелдердің белсенділігі назардан тыс қалмауы керек

 Ayelder otbasi  Бүгін облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың басын қосқан жиында гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру, әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау және отбасы құндылықтарын насихаттау жөнінде 2015 жылғы атқарылған мәселелер талқыланды.


Басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы А.Есекенова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 9 600 мың теңге бөлініп, 5 әлеуметтік маңызды жобаның іске асқандығын атап өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды жобалар дайындау кезінде қоғамдық-саяси өмірдегі гендерлік теңдік, қоғамдағы жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасын нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ денсаулығын нығайту мәселелеріне тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі  «Әлем және әйел» қоғамдық бірлестігінің, «БҚО Азамттық Альянс Ассоциациясының» өкілдерінің облыстағы саяси әйелдер көшбасшылық мектебінің жұмысы туралы, билік пен үкіметтік емес сектордың әлеуметтік әріптестігі - қоғамды демократияландырудың негізі тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Бұл бойынша аудандағы әйелдердің шешім қабылдаудағы әйелдердің үлесін ілгерілету мақсатында жұмыстану керектігі айтылды.  Сонымен қатар, билік пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігін одан әрі жандандыру бағытындағы атқарылар жұмыстар нақтыланды.

Жиын соңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2016 жэылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале