5.03.2016, 14:17
Оқылды: 17

«Әйел күннің жылуынан жаралған»

 Temir 01  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залында «Әйел күннің жылуынан жаралған» атты кездесу кеші өтті. Аталмыш кешке жоғарғы оқу орындарының студент жастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кешке қатысушылар алдымен «Аналарды ардақтау асыл дәстүр» атты кітап көрмесін тамашалады. Кемеңгер кең жүрек, мейірімді асыл әжелер, тіршіліктің қайнар көзі аналар мен қырмызы гүлдей жайнаған арулар мерекесіне орай өткізілген шараға комсомол, кеңес органдарында жауапты істерді атқарған Нарынның нар қызы, сүйікті әже Гүлжу Мәжитова мен Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 қазақ интернат-кешенінің ұстазы Тамара Сейтақова кеш қонағы ретінде қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер Ислам Асқар мен Айзере Аманжол қонақтарға арнап өлеңдерін оқып, гүл шоғын ұсынды.


 Батыс Қазақстан иннавациялық технологиялық университетінің студенті Мәдина Бақытжан «Ана» (М. Мақатаев) атты өлеңін оқып көрерменнің қошеметіне бөленді. Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған кездесу кешінде Гүлжу Мәжитқызы еңбекке араласып жүрген кездердегі қызықты жайттарымен бөліссе, Тамара Нәбиқызы бала тәрбиесіне соның ішінде қыз балаға аса көңіл бөліп дұрыс тәлім-тәрбие беру жайлы ойын ортаға салды. Отбасында да, қоғамда да өзіндік ерекше орны бар қос анамыздың әнгімелеріне тыңдарман қауым қошемет көрсетті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып көрерменге әсерлі кеш сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале