4.10.2015, 11:20
Оқылды: 27

Әйел – қоғам тірегі

Karatobe ystazdar koncert      Қаратөбе мектеп-гимназиясының акт залында «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әйел от анасы, отбасы тірегі» атты аудандық әйелдер форумы өтті.

Форумға төрағалық еткен «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиева аталмыш жиынға облыс орталығынан келген лауазымды қонақтармен таныстырып, сөз кезегін аудан әкімі Асхат Шахаровқа ұсынды.

Форум жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі Асхат Берлешұлы нәзікжандылардың қоғамдағы, саясаттағы, отбасындағы ықпалына тоқталып, әйелдер мәселелерін қолдау бағытындағы атқарылған шаруаларды тілге тиек етіп, ауданымыздың гүлденіп дамуына үлес қосқан бірқатар әйелдерді алғыс хатпен марапаттады.

Жиын барысында облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Светлана Әлмұханова сөз  алып, әйелдердің  қоғамдағы рөлі, гендерлік саясат мәселесіне, әйелдер істерінің өңірдегі ахуалы турасында сөз қозғады.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале