5.05.2016, 11:27
Оқылды: 24

Әке-шешелерінің бас тартуынан 53 бала екпе алған жоқ

????????????????????????????????????

     Ақжайық ауданының медицина қызметкерлері «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылуда. Дейтұрғанмен, істе қайта-қайта кездесіп қалатын іркілістер ұшырасуда. Аудан әкімі Әділ Жоламановтың қатысуымен медицина мекемелері жетекшілерінің, мамандарының кеңесінде саладағы бүгінгі жай-күй таразыланды.


    Кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Нұржамал Орынбасарова, ауылдық округтер әкімдері болды.

    Аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрушевтің айтуынша, егер өткен жылдың 3 айында 2 нәресте шетінесе, биылғы өткен уақытта мұндай 3 оқиға тіркелді. Жүрек-қан тамырлары сырқаттарына шалдыққандардың саны өсуде. Туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанымен, бұл үшін жайбарақаттануға болмайды. Жұқпалы кеселдердің алдын алуға бейқам қарайтындар, оны елемейтіндер толып жатыр. Ата-аналарының қарсылық білдіруі салдарынан 53 бала екпе алған жоқ.

     Скринигтің мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану үшін ақ желеңділер жұмыла атсалысуы тиіс.

     Кеңесте кадр мәселесін шешу, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ішкі істер бөлімімен бірлесіп рейдтер ұйымдастыру жайында айтқан аудан әкімі Үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде денсаулық сақшылары алдында тұрған міндеттерді тұжырымдады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале