29.02.2016, 13:18
Оқылды: 20

ӘКК қатысуымен жалпы сомасы 14 119,1 млн.теңге, 21 инвестициялық жоба іске асырылған

29 BRIFINGG   Бүгін  «Жайық Пресс» медиахолдингі, баспасөз орталығында ҚОКҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту бойынша БҚО-да атқарылып жатырған жұмыстар барысы» тақырыбында кезекті брифинг өтті. Аталған тақырыпқа  «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ержан Талғатұлы Балтаев қатысты.


Басқарма төрағасы Ержан Талғатұлы Балтаевтың мәліметінше, облымызда ӘКК қатысуымен жалпы сомасы 14 119,1 млн.теңге, 21 инвестициялық жоба іске асырылған. Соның ішінде жер қойнауын пайдалану саласында сомасы 393,8 млн.теңге, 14 жоба. ӘКК тарапынан салынаған инвестиция сомасы 821,5 млн.теңгені құраған. ӘКК салынған 1 теңгесіне, 18,7 теңге жеке инвестициялар тартылған. 2015 жылдың басынан "Орал" ӘКК" ҰК" АҚ  сомасы 29 117,7 млн.теңге, 7 инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Аталған кезеңде, ӘКК-мен осы жобаларды іске асыруға 467,7 млн.теңге инвестицияланып, 3,8 млрд.теңге жеке инвестициялар тартылған.

Сондай-ақ ӘКК салынған 1 теңгесіне, 9 теңге жеке инвестициялар тартылып, оның толық өндірістік қуатына шығу сәтінде қосымша 40 теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында, аймақта 100 астам жаңа жұмыс орны ашылып, қосымша 350 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 2016 жылы жалпы сомасы 37,6 млрд.теңге, 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы аталған жобалар бойынша ӘКК салынған 1 теңгесіне,  37 теңге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.

ӘКК инвестицияларды тарту мақсатында, Қазақстанда және шетелде өткізілетін  ірі халықаралық форумдар, көрмелер мен дөңгелек үстелдерде тұрақты негізде ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысады.ӘКК 2015 жылы  Сингапур қаласында халықаралық инвестициялық форумға,  РФ, Орынбор қаласында, «Оренбуржье – 2015» Евразиялық экономикалық форумға" және Астана қаласында «Astana - Invest» халықаралық инвестициялық форумға қатысты. Форумдардың қорытындысымен БҚО-да негізінен, өнеркәсіптің, құрылыс және әлеуметтік тұрғын үй, экологиялық қауіпсіздік және баламалы энергия көздері дамытуы саласындағы инновациялық жобаларды дамыту бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды құру туралы әлеуетті инвесторлармен бір қатар кездесулерге қол жеткізіліп, келісімдер жасалған.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале