15.09.2015, 12:01
Оқылды: 21

Әкімдікке үміткерлермен кездесу

Kaztalov akimdikke ymitkermen kezdesu 14 қыркүйек күні Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінде Қазталов ауданының Жалпақтал ауылдық округінің мерзімінен бұрын шығып қалған әкіміне үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жүргізу мақсатында таңдаушылармен кездесу жиыны болып өтті.

Кездесу жиынына аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қайыржан Өмірәлиев, аудандық мәслихат депутаттары, Жалпақтал ауылдық округі әкімдігіне үміткерлер, ауыл тұрғындары қатынасты.

Күн тәртібінде ауыл әкімдігіне үмсіткерлер Самиғолла Ақмурзин, Ғалия Ахметова, Жақып Кәрімов өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырса, сенім білдірген өкілдері өмірбаяны мен қызметтері жайында айтып өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары үміткерлер туралы пікірлерін айтып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу жиынын қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизұлы үміткерлерег сәттілік тілеп, 21 қыркүйек күні өтетін Жалпақтал ауылдық округі әкімінің сайлауын жоғары деңгейде өткізулерін сұрады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале