5.04.2016, 10:23
Оқылды: 21

Әкімдік отырысында – аса көкейкесті мәселелер қаралды

????????????????????????????????????

     Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов өткізген әкімдік отырысында қазіргі кезеңнің ең бір көкейкесті мәселелері қаралды.

      Осында ең алдымен баяндамалар жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожол бөлімінің басшысы Сәкен Ашабаев пен Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ директоры Мәлік Мұхтар ауылдарды көріктендіруге қатысты қам-қарекеттерді қамтыды.


      Баяндамаларда айтылғандай, мысалы, жасыл аймақ құру және көгалдандыру жоспарына сай, биыл мысалы, аудан орталығында Майданов атындағы саябақты жайландыру, ауылдар бойынша 3175 ағаш егу көзделіп отыр. 47 елдімекендер орналасқан тұрмыстық қалдықтар орындарының 41-іне жер учаскелрі заңдастырылды, қалғаны рәсімделуде. Көріктендіруге қатысты түйінді жайт аз емес. М.Мұхтар өз сөзінде Чапаев пен Бударинде тұрмыстық қалдықтар орнын орман аймағынан алшақтатқан абзал екенін атап көрсетті. Аталған тақырыпқа байласты сөз алған туризм және экология орталығының директоры Максим Жаншин жаңа тұрғын үйлер мен дүкендер, дәмхана, шаштараз иелерін өз аумақтарын көріктендіруге жұмылдыру, Чапаев базары төңірегінде көп көліктің шоғырлануына қатысты жайсыздыққа жол бермеу жайында айтты.

     Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бақытжан Қартабаев уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің салық есептіліктеріне терең талдау жасау, анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында салық төлеушілермен әңгімелесулер өткізу, өз-өзін жұмыспен қамтушыларға салық заңнамасын ұғындыру жөнінде жұмыстарды және мұның нәтижесі туралы баяндады. Ол салық төлеушілерге қатысты камералдық бақылаудың да тиімділігін атады. Кәсіпкерлік мақсатта қолданыстағы мүліктерін тиісті түрде рәсімдемей, мүлік салығын төлемеу, мүлік салығын төлеуде бағалау құнын дұрыс айқындамау сұрақтары бойынша камералдық бақылау нәтижесімен бюджетке қосымша 2015 жылы 5003 мың теңге шамасында қосымша түсім түсті.

      Салық базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Чапаев ауылдық округінің әкімі Махамбет Әбілов пен Тайпақ ауылдық округінің әкімі Боранбай Қыдырғожин сөз сөйледі.

     Әкімдік отырысында сондай-ақ білім бөлімінің басшысы Мереке Зиналиев алдағы ҰБТ-ға дайындықтың кешенді жоспарының орындалуы жайында баяндама жасады.

     Өткен жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен 6 мектепке шефтік, әдістемелік көмектер көрсетіліп келеді. Мектеп бітірушілермен алдын ала тестілеуге қатысты 8 тур өтті. Мұның бәрінің қорытындысы тиісті түрде сараланып, талданып келеді. Мұғалімдермен түрлі тақырыпта бірнеше семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ мысалы, Талап, Есенсай орта мектептерінің оқушылары Оралдағы «Достық» білім орталықтарындағы дайындық сабақтарына қатысты. 23 мектеп түлектерінің дайындығына кешенді тексеріс жүргізілді. «Түлектердің психологиялық дайындығын күшейту» тақырыбында семинар, мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбын өткізу жоспарлануда.

      М.Ғ.Зиналиев тестілеу кезінде ауылдардан тасымалданатын түлектерді не қажет жағдаймен қамту жайына да тоқталды.

     Әкімдік отырысындағы қаралып отырған мәселелердің қай-қайсыда салмақты, жауапкерлігі ерек екенін айта отырып, Ә.Т.Жоламанов солардың әрқайсысы бойынша тұжырымдар жасады.

      Атап айтқанда, ол көріктендіруге қатысты ауылдарда тек акция, айлықтарды тосып отырмауды еске салды. Ерте қамданып, қимылдағанның ұтары мол. Автожол бойлары, елдімекенге таяу аумақтар ұдайы таза болуға тиісті. Дүкен, салон, дәмханалары бар кәсіпкерлер санитарлық тазалыққа түгел тартылуы керек. Мүмкін олардың арасында көріктендіруге байланысты конкурстар, байқаулар өткізген жөн шығар. Кәсіпкерлік бөліміне қолға алатыны жеткілікті. Талдың түр-түрін еккен абзал. Сан емес, сапа керек, яғни егілген талдың жасыл желекке айналуы асты назарда ұсталуы керек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале