27.07.2016, 15:33
Оқылды: 31

Әкімшілік полицияда электронды кезек жүйесі енгізілді

13754336_1222827301084060_8746988543478135990_n    БҚО Ішкі істер департаменті, әкімшілік полиция бөлімі жанындағы тіркеу-емтихан қабылдау және әкімшілік практика бөліністері осыдан бір апта бұрын тұрғындарға сапалы әрі тез қызмет көрсету мақсатында электронды кезек жүйесімен жарақтандырылған болатын. Өңір басшысы да Алтай Көлгінов жаңғырып, қайта жабдықталған қызмет көрсету орталығының жұмыс жүйесімен танысты.


13782181_1222826747750782_9217134165149904581_n

         Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде «ҚР-ның жергілікті полиция қызметі жұмысы бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №388-V санды заңына сәйкес, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша БҚО Ішкі істер департаменті, әкімшілік полиция бөлімі жанындағы тіркеу-емтихан қабылдау және әкімшілік практика бөліністерін электронды кезек жүйесімен жарақтандыру жобасы қолға алынған болатын. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын және қайта жабдықтау, қажет құрылғылар мен компьютерлік құралдарды, жаңа жиһаздарды сатып алуға облыс бюджетінен 30 млн. 184 мың 837 теңге қаражат бөлінген.13669001_1222827621084028_5788313565858075906_n

Аталған жүйені енгізудің басты мақсаты - көлік құралдарын тіркеу немесе қайта тіркеуге қою, жүргізуші куәліктерін беру және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірісті іске асырып, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Электронды кезек жүйесімен қызмет көрсету адамның тікелей қатысуынсыз жүзеге асады. Тұтынушының кезегі электронды түрде анықталады. Яғни, бұрынғыдай ұзын-сонар кезекке тұру, делдалдың көмегіне жүгіну сияқты келеңсіз жағдайлар ендігі жерде орын алмайды.

Жаңарып, қайта жабдықталған тіркеу-емтихан қабылдау және әкімшілік практика бөліністерінде болған өңір басшысы орталыққа келген тұтынушылармен жүздесіп, жаңа жүйе туралы ой-пікірлерін білді. Орталыққа келушілер өз кезектерінде қызмет көрсету жүйесінің едәуір жеңілдетілгенін, сол себепті жүйкені жұқартатын кезектен құтылып, уақыттары үнемделетінін айтып, өңір басшыларына алғыстарын білдірді. Облыс әкімі тұтынушылар атынан айтылған кемшіліктерді жоюды және көрсетілетін қызметті жетілдіру жұмыстарын әкімшілік полиция басқармасы басшысы мен халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісіне тапсырды.13627011_1222826977750759_1266189743744248925_n

                   Нұрбек ОРАЗАЕВ13813656_1222827371084053_3493523760495689290_n (1)
«Орал өңірі»
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале