27.01.2016, 12:40
Оқылды: 36

«Әкімшілік полиция басқармасы жанындағы тіркеу және емтихан алу бөліміндегі жаңа өзгерістер. Электронды қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті

 Brifing IID Sot   Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалында «Әкімшілік полиция басқармасы жанындағы тіркеу және емтихан алу бөліміндегі жаңа өзгерістер. Электронды қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында кезекті баспасөз маслихаты өтті.


  Оған БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жаншин Жанболат Жасқайратұлы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО филиалының директоры Бассаров Марат Владимирұлы қатысты.

   Облысымызда ІІД Әкімшілік полициясында соңғы кезде тұрғындар көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмірін және жүргізуші куәлігін алу үшін, қиындықтар туындап, ұзын-сонар кезекте тұратын. Бұл мәселе облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың назарына ілігіп, аталған мекемеге туындаған мәселені шешуді тапсырған болатын.

  БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жаншин Жанболат Жасқайратұлының айтуынша, бұған дейін тұрғындарға үш терезе жұмыс жасаған. Қазір «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО филиалымен бірігіп, тағы екі қызмет көрсету терезесін ашып,  бес терезеге жеткізген.

   Сондай-ақ тұрғындарға кейбір құжаттарды тіркеу үшін 2-3 терезеге кезекке тұрып тіркелу керек болса, екі мекеменің біріге тығыз жұмыстануының нәтижесінде бір терезеден-ақ шаруаңыз шешілмек.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале