29.12.2015, 15:57
Оқылды: 26

Әкім шыршасы қуанышқа бөледі

Shingirlau audan akimi shirshasi   Дәстүрлі аудан әкімінің шыршасына ауданның барлық мектептерінен оқушылар шақырылды.   Әр түрлі жаңа жылдық костюмдер киіп, көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын жүрген шырша қонақтары да аса көңілді. Әр мектептен келген оқушылардың тәлімгерлері де аса толқулы. Сәнді киінген жүргізушілер ортаға шығып, аудан әкімі Алдияр Халеловтің оқушыларды жаңа жылмен құттықтайтынын хабарлаған кезде зал қошеметтеп қол соғып қарсы алды.


 Аудан басшысы өз сөзінде өткен жылғы жетістіктерді саралай келе келер жылдан да үлкен жақсылықтар күтетінін жеткізді. Сонымен қатар қатынасушыларға озат оқу, мықты денсаулық, табыс, қуаныш тіледі.

  Жаңа жылдан әр бала бір ғажайып күтеді. Сахнада көрсетілген «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көрермен қызыға қарады. Ертегінің сәтті шығуына рөлдерді сомдаған балғын әріптестердің шеберлігі де игі әсер етті.

Ертегі аяқталысымен көңілді ән әуені залды кернеп кетті. Сахна төріне Аяз Ата мен Ақшақар кірді. Шырша тойы жарасым тауып  өте бастады.  Округтерден келген оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп шырайлы шараның мерейін арттырды. Аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы ортаға шығып шырша қонақтарына жаңа жылдың сыйлықтарын табыс етті. Мешін жылы қарсаңында сыйлыққа ие болған бүлдіршіндердің жүздері гүл-гүл жайнап таласа рахмет айтып жатты.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале