18.02.2016, 18:34
Оқылды: 17

Әлемнің әмірішісі - еңбек

????????????????????????????????????

  Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында Елбасымыздың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын талқылаған дөңгелек үстел өтті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалын төрағасының бірінші орынбасары Н. Дүзбатыров ұйымдастырған жиынға  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры В. Баштавенко, «Жеңіс» кинотеатрының директоры А. Сигунов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының төрағасы Н. Ешмұратов, еңбек ардагер Н. Анципрович және ауыл жастары қатысты.


 «Әлемнің әміршісі - еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек»,-деп барша қазақстандықтарды еңбек етуге шақырған  Елбасымыздың мақаласы көптеген мәселелердің басын ашып берді. Бүгінгі таңда әлемді дағдарыс жайлап тұрған шақта еліміз қандай болуы керек? Дағдарыспен күресте қандай мүмкіндіктерді жүзеге асырған ләзім? Ең ақыры әлеуметтік саясаттың орнықты әрі жасампаздықпен дамуы үшін не қажет? деген сұрақтарға Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы толық жауап бере алады деуге әбден болады»,-деп шараны ашқан Н.Тоғызбайұлының сөзін В. Григориевич те қолдап қазіргі таңда нарыққа қажетті болып отырған мамандықтарды игеру арқылы ғана дағдарыстан құтылатынымызды айтты.

Сондай-ақ жиын барысында қазіргі қоғамда өзекті болып отырған басқа да мәселелер әсіресе жастарды жұмысшы мамандықтардан гөрі қызмет көрсету саласына көптеп ауысып, масылдықтың дендеп бара жатырғандығы  да сөз болды.

Бір сөзбен айтқанда, «Егер бізге қа­білетті ұлт болғымыз ке­летіндігі рас болса, маған барлығы берілуі керек, мен алуым керек деген  психо­логиядан арылып, жаңа білік­тілікті меңгеру және зауыт­қа, өн­діріске бару керек. Жас та және ересек те бос оты­рып, бәрін де сынай бермей жұ­мыс бар жерге, нәпақа табатын жерге қарай ұмтылулары керек!» деген Елбасы айтқан нақылға еріп,   Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамы идея­сы  жолында қажыр­лы еңбек етуге үндеу тасталуы керектігі жиынның қорытындысы болды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале