27.05.2015, 21:33
Оқылды: 19

Әлем біріншілігіне жолдама алды

Ekpin01  Орал қаласында 35 жас және одан жоғары ардагерлер арасында өткен самбо күресінен спорт шеберлері арасында республикалық чемпионаты болып өтті. Аталған додаға жерлесіміз, аудандық білім беру бөлімінің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру бөлімінің әдіскері Екпін Тналиев қатысқан болатын.

Екі күнге созылған додада еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған саңлақтар боз кілем үстінде белдесіп, өздерінің күштерімен, жылдамдықтарымен, ептіліктерін көрсетіп, бақтарын сынады. 62 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен жерлесіміз финалдық кезеңге дейін Орал, Ақтау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан келген палуандарды айқын басымдықпен ұтып, тек қана бір қарсыласына есе жіберіп алды. Чемпионаттың қорытындысында өз салмақ дәрежесінде жерлесіміз күміс жүлдені иеленіп, Израильде өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЖАҚСЫЛЫҚ
«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале