5.08.2015, 22:49
Оқылды: 16

Әлем және әйел

Janakala zama ayel   Жаңақала аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында "Әйелдер көшбасшылық мектебі жобасы аясында "Әлем және әйел" қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен "Қоғамдық - саяси өмірдегі гендерлік теңдік" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараның мақсаты - ауылдық жерлердегі әйелдер қауымына әдістемелік-практикалық, құқықтық, зияткерлік және психологиялық көмек көрсету, мәдени және саяси ортада әйелдердің іскерлік, көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру. Дөңгелек үстелді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалаубек Теміров жүргізіп отырды.

Сонау Сақтың патшайымы болған Томирис, Абайды әлемге танытқан Ұлжан мен Зере, Есенейді басшы қылған Ұлпан, Ұлы Отан соғысында ерлермен бірге ерлік еткен Әлия мен Мәншүк секілді әже-апаларымыз, қазақ қызының ешкімнен де кем емесін дәлелдегенін айта келіп, бүгінгі таңда да қаракөздеріміздің қолынан іс келетінін, әлі де талай биіктерді бағындырарын тілге тиек етіп өтті. Жиын барысында "Әлем және әйел" қоғамдық бірлестігінің әдіскері С.Бектұрғанова жиылған қауымға қосымша анықтамалық материалдар үлестіріп, қазақстандық әйелдер жайлы деректі фильм көрсетті.

Барлық ауылдық округтердегі әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері қатысқан іс-шара ұсыныстар берумен және сұрақ-жауап, пікір алмасулармен қорытындыланды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале