16.07.2015, 14:44
Оқылды: 23

«Әлем және әйел» қоғамдық бірлестігінің сапары

Akjayik alem jane Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта облыс орталығынан «Әлем және әйел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Садықова бастаған өкілдер болды. Кәсіпкер, басқа да мамандық иелері, үй шаруасындағы әйелдермен, қыздармен кездесуде олар көкейкесті тақырыптарды қозғады. Атап айтқанда, отбасы құндылығын қанаттандыру, азаматтық қоғамды жандандыру мақсатында әйел-аналардың құқық пен бостандығын қорғау жайында кеңінен әңгімеленді. Сонымен қатар, Л.Садықова өздерінің «Әйелдер көшбасшылық мектебінің» қам-қарекеті туралы жан-жақты баяндады. Аймағымыздыға үздік кәсіпкер әйелдердің еңбегінен үлгі алуды насихаттау «Әлем және әйелдің» басты бір мұраты болып табылады. Кездесуде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, кәсіпкерлікті өрістету туралы да айтылып, бұл тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале