15.11.2016, 12:26
Оқылды: 28

Әлихан - «Бала дауысының» лауреаты

%d3%99%d0%bb%d0%b8%d1%85%d0%b0%d0%bd      Таяуда Алматы қаласында тұңғыш рет елімізде Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы өтті. Бұл байқауға «Сәулет» мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Әлихан Қабділманов облыс намысын қорғап қайтты.


«Бала дауысының» лауреатын 14 қараша күні аудан әкімі С.Әлиев, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары департаментінің инспекторы Жанар Мәшенова және мектеп ұстаздары мен оқушылар қарсы алып, қошемет көрсетті.

Әлихан 2003 жылы Қазталов ауданында дүние келген, кейін Зеленов ауданына қарасты Зеленый ауылына көшіп келіп, осы ауылдағы мектептің табалдырығын аттаған. Оның әкесі Мейірман мен анасы Бақытханым өнер ауылынан алыс емес. Бірі сырнайда, бірі домбыраның құлағында ойнайды. Екеуі де Зеленый ауылында ұстаздық қызметте. Өнерден кенде емес ата–ана балаларын да әншілікке баулып өсірген. Олар «Алтын ұя», «Мерейлі отбасы» сияқты аудандық, облыстық байқауларға қатысып, көпшілік сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген отбасы. Әлихан алғаш рет 4 жасында ауылдық клубта «Менің елім» әнін шырқап сахнаға шыққан. Бүгінде бірнеше аудандық, облыстық, республикалық «Дельфийлік ойындар», Абай мен Қадыр оқулары,  «Жарқын болашақ байқауы», «Балдәурен» байқауларының жеңімпазы мен жүлдегері. Конкурстың алғашқы күнінде ретро ән, ал екінші күнінде  тәлімгері Диана Шараповамен арнайы жазылған әнді айтып, дуэт орындады.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале