11.04.2016, 9:51
Оқылды: 25

Әминаның кезекті жемісі

Kaztalovka Aminanini kezekti jemisi       М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультеті ұйымдастыруымен мектеп бітіруші және колледж түлектері арасында "Жас дарын" байқауы өтті.


    "Жас дарын" байқауы - мәдени мұраны сақтап, жас таланттарды тауып оларды қолдау, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдени аралық диалог пен ұлттық мәдениеттерің дамуына ықпал етуді көздейді.

     Осы байқауға ауданымыздың атынан Баян Қабиеваның шәкірті Әмина Ғайнеденова дәстүрлі ән жанры бойынша қатысып, бірінші орынды иеленді. Байқау кезінде Әмина Ғарифолланың әні "Әнші дауысы" және Құмардың термесін орындап, өзінің нағыз дарын иесі екенін тағы да дәлелдеп шықты.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале