29.06.2016, 10:26
Оқылды: 46

Әнге бөлеп маңайды, әсем әуен тарайды

ange bolep mandaiy  Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері «Елдік пен еркіндіктің жыршысы» атты кітап көрмесін өткізді.


Бұл шара ҚР Мәдениет және  ақпарат министрлігі ұлттық  әдебиетіміздегі  үздік деген туындыларды оқу және насихаттау мақсатында  «Бір ел – бір кітап» акциясына орай өтті. Акцияға зар заман ақыны, дала философы  атанған Дулат Бабатайұлының  шығармалары таңдалды.

Байланыс және баспасөз қызметкерлері күнімен орайлас келген  саябақ думанының шымылдығын Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин ақпарат айдынында елеулі қызмет атқарып жүрген аудандық «Шұғыла» газетінің журналистерін төл мерекелерімен құттықтауымен ашты. Сонымен қатар аталмыш газеттің тілшісі Данияр Оспан,  бет құрушы-дизайнер Жаңылсын Удирова, штаттан тыс тілші Гүлнәр Ахметова, жүргізуші Кенжебай Машевтарға алғыс хат табыс етті.

Аудандық балалар-жасөспірімдер  туризмі  және экология орталығы, Жәнібек колледжі, аудан әкімі аппаратының жастары, Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы,  «Алтын ұя» бөбекжайы, аудандық аурухана ұжымының өнерпаздары  «Саябақ  думаны» шоу бағдарламасының көрігін қыздыруға ортаға жиналды.

www.zhaikpress.kz
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале