3.12.2015, 11:16
Оқылды: 23

Әнуарбек ҒАЛЫМОВ, Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Sirim Anuarbek   -        Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын тыңдадық. Биылғы жолдауды халық ерекше күткенін атап өткен дұрыс. Себебі әлемде қайшыласқан саяси құбылыстар жиілеп кетті ғой. Біздің Елбасымыздың осындай жағдайда қандай бағытты ұсынады екен деген елеңдеушіліктің елде болғаны рас.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев қалыптасқан жылдар ішінде жолыққан қиыншылықтарды шешу үшін жасаған еліміздің ерен еңбегін айтты. Әр уақыттың, әр заманның өзінің күрделі кезеңі болады. Ондай кезеңдерде мемлекет үшін апыр – топыр саяси өзгерістің, шикі шешімдердің ешқандай пайдасы жоқ, керісінше бірлік, ынтымақтың, татулық сияқты құндылықтар маңызды. Елбасы бұл ұстанымды әуелден бері алтын қағида етіп келеді.


 

Жаңа жолдаудың еліміздің кәсіпкерлік саласына қатысты айтқан үндеуі де аудан ардагерлерінің көңілінен шығып отыр. Төле би айтты деген сөз бар ғой: «Бай болсаң еліңе пайдаң тисін!» деген. Міне, мемлекет басшысының айтқаны да – осы. Тәуелсіздік жылдары елдегі кәсіпкерлік саласының аяққа тұруына, кәсіп иелерінің тұрақты табыскерге айналуына өте тиімді болды. Дәлірек айтқанда, үкімет тарапынан тиімді жағдай жасалды. Ендігі жерде кәсіпкерліктің игілігін ел көруі тиіс.

Сырым ауданының ардагерлері осы кезге дейін Елбасы саясатының адал қолдаушысы болып келді, әлі де қолдай бермекпіз. Себебі біз үшін елдегі тыныштық пен ұрпақтың алаңсыз өмір сүргені маңызды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале