3.07.2015, 13:09
Оқылды: 36

«Әні бардың – сәні бар»

Janibek anibardin jani bar2 шілде күні, кешкілік Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерінің және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен «Домбыра – Partu» ұлттық өнер ұлықталған шара оздырылды. Осы кешке қатысқан ауыл ақсақалдары Мертен Кенжеғалиев, Бекет Әліпқалиев қазақтың өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық екенін айтып өтіп, ұлттық өнерді жастарға насихаттады. Кеш барысында ауданымыздың белгілі әншісі Тамара Кафарова халық әндері «Беу-айдай», «Жылқы ішінде ала жүр», «Бүлдірген», «Ал қызыл тас» әндерін нақышына келтіре орындап, көпшілікті бір серпілтті. Жерлесіміз, домбырашы, күйші Шынтемір Рамазанов Махамбеттің «Жұмыр Қылыш», «Өкініш» күйлерін күмбірлетсе, ақын, сазгер Жақсылық Бисенғалиев өз туындысы «Біздің жақтың қарттары», «Ауылым – дала бесігі» әндерін әуелетті. Сонымен қатар тағылымы мол кеште ардагер спортшылар Ғайнуш Дигетаев пен Қадер Орақаев дойбы мен шахмат ойнап, аудан жастарына адам баласының ойлау қабілетін арттыратын ойынның шебер үлгісін көрсете білді.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале